1). «Киіз үйді құрастыр»
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Достық үнін құрайық
Ойынның мақсаты: Ойын арқылы ұлттық құндылығымыздың бөлшегі болған киіз үйді және оның құрылымын атауға үйрету. Шаңырағы, уықтары, керегелері, есігі т.б киіз үйдің бөлшектерін атау арқылы балалардың сөздік қорын жетілдіру. Топ болып бірлесіп орындауға баулу.
Ойынның шарты: Киіз үйді құрастырады және оның құрылымын атап шығу керек.
2). «Оюларды гүл күлтелеріне орналастыр»
Мақсаты: Балаларға ұлттық құндылықтың бірі - ою түрлерімен таныстыру. Оюдың пішіні мен түсін атауға үйрету. Іс-әрекетке деген қызғушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Оюларды түстеріне сәйкестендіріп қыстырады, сол оюдың атын және түсін атайды.
3). «Бұл қай аспап?» ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптары туралы білімдерін бекіту. Көне ұмытылып бара жатқан ұлттық аспабымызды ойын арқылы балаға дәріптеу. Аспабымыздың үнін тыңдату баланың қызығушылығын ояту.
Ойынның шарты: Қима суреттердегі аспаптарды құрастырады және құрастырған ұлттық аспаптың атын атайды, қалай қолданылатынын айтады.
4). «Шертпек» ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі екенін түсіндіру. Қолының шапшаңдығы мен дәлдігін арттырады. Белгілі бір нысананы дәл көздеп, шертуді меңгереді.
Ойынның шарты: Ойынға бірнеше бала қатысады, кезекпен саусақпен шертіп, нысананы белгілейді. Қанша асық түскенін санайды.
5). «Оюлы текше» ойыны
Мақсаты: Ою түрлерін танып біледі, түстерді меңгереді, қимыл арқылы бой сергітеді, іс-әрекетке деген қызығушылықтары артады.
Ойынның шарты: Оюлы текшені лақтырады, түскен оюдың атын атап, оюлы өрнекті кілемшеден сол оюды тауып секіріп мәреге жету керек.
6) «Тақия және шаңырақ» ойыны
Мақсаты: Ойын арқылы тақия қазақтың ұлттық бас киімі екенін және шаңырақ туралы білімдерін толықтыру, құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Әуен ойналады, үш бала баяу жүгіреді, әуен тоқтағанда қай тақияға келіп тоқтаса сол тақияны киіп, тақия түсіне сай шаңырақты көтереді.
7). «Лулия шеңбері» ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық киімдерін таныстыру және олардың атаулары мен қолданылуын үйрету.
Ойлау, есте сақтау және топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Ойынның шарты: Өзіне берілген киімді дұрыс сипаттап, анықтаса, сол жеңімпаз болады. Берілген ұлттық киімнің атауын атайды, ер бала немесе қыз киім ма, анықтайды.