Текст
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Сіздің даналығыңыз бен баға жетпес өмірлік тәжірибеңіз жастарға бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектессін. Сіздің табандылығыңыз бен шыдамдылығыңыз үшін алғысымды қабыл алыңыз