"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-аналар жиналысы» хаттамалар жинағы.

11.10.2021
Хаттама № 1
« Ата-анамен балабақша бірлестігі »
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы
ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен
таныстыру.Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы,
мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі
арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, тренинг, әңгімелесу, түсіндіру,
пікір талас, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: лента, портфолио, жеке іс қағазы.
Жүру барысы: Құрметті ана-аналар, апайлар бүгінгі «Ата-анамен
балабақша бірлестігі » атты жиналысқа қош келдіңіздер! Сіздерді
жаңа оқу жылымын шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні
алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген балаларымыздың ертеңгі
күні жарқын болсын. Мен бүгінгі жиналысты ерекше түрде өткізгім
Күн тәртібі:
1 «Достық» (танысу тренинг)
2 Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау.
Баяндама : «Жаңа оқу жылы бағдарламасы»
3 Б.бақша меңгерушісіне сөз кезегін беру Жатаева Д.А
4.Ата-аналар комитетін және мүшелерін сайлап тағайындау.
5.«Алтын балық »тілегі.
6.Ата-аналар жиналысының шешімі.
1 «Достық» тренингі
Мақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-
қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру. Ата-аналар орты шығып
шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны мен ұстап: аты-
жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы
лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Менің атым: Нургалиева Жанар
Айып қызы. Мен «Бота» ересек тобының тәрбиешісі болып жұмыс
жасаймын. Мен сізге әркез достықта болайық дегім келеді- деп  лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-
жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне, осындай үлкен
достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.
2 Баяндама оқылады
.Мен сіздерді қысқаша тобымыздың жұмыс барысымен
таныстырып өтейін. Баяндама оқылады ( қосыла беріледі )
3.Келесі кезекте біздің б.бақша меңгерушісі
Жатаева Д.А.сөз кезгін берейін.
- Балалардың оқу құрал-саймандарын тиянақы әкелу.
-Балалардың киімінің талапқа сай болуы.
-Портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.
( Сұрақ-жауап )
4.Ата-аналар комитетін сайлау
5.«Алтын балық »тілегі. Ата-аналар енді көзімізді жұмайық,
енді ашайық, міне ,ғажайыптар әлеміне келдік. Егер сіздердің
қармаңызға Алтын балық түссе, ең, ең, ең маңызды жалғыз
тілектеріңізді орындаймын десе , қандай тілек тілер едіңіз.
6.Ата-аналар жиналысының шешімі:
1 Балабақша өмірімен , ұйымдастырылған іс-әрекетпен , күн
тәртібімен танстырылды
2 Ата-аналар комитетіне – Ерниязов Жандар Кадыржанович
Рахметова Динара Кадыровна
Бокаева Гульнара Баккельдыевна
сайланды.
7.Қорытындылау
Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман
болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп,
көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
Просмотров: 8578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст