"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Бояулар әлеміне саяхат»

08.04.2019

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Макинск қаласы

«Снежинка»бөбекжай-балабақшасы

 

          

 

 

 

 «Балапан» 2-ші сәбилер тобына арналған ашық сабақ үлгісі

 

Тақырыбы: «Бояулар әлеміне саяхат»

 

Дайындаған: тәрбиеші-Нургалиева Жанар Айыповна

 

 

 

 

 

2019 оқу жылы.

 

 

Бөлімі :Қатынас, шығармашылық, таным.  

 
Іс-әрекет түрі: Пәнаралық


Тақырыбы: «Бояулар әлеміне саяхат»


Мақсаты: түсті айыру біліктілігін бекіту,заттың түсі, сыны болатынын және оның пайдаланатын түсініктерін қалыптастыру.
 Балаларға жүйелі жолдармен табиғаттан бояуларды алуға үйрету және  матаны қызылша шырынымен күрең түске бояу.
 Балаларды зерттеулік жұмыстарының элементтеріне қатыстыру, жұмыс істеу дағдыларын бекіту,ұсақ маториканы дамыту.                                                                                                                                      
Көрнекі  құралдар: қуыршақ, қылқалам,мата, сурет және әр түрлі заттардың жиынтығы.
Геометриялық пішіндер, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек (қызыл, сары, жасыл,ақ, көк).        Үгітілген қызылша, қызылша шырыны, бояу, стақан, дайындалған қима қағаздар.


Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тәжірибе,жеке жұмыс


Мотивациялық қозғаушы:  Бояулар әлеміне (сиқырлы кілеммен ұшып барамыз)
Балалар біз бояулар әлеміне келдік.


 

Шаттық шеңбері:
                               Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
                               Қайырлы күн!Біз ақылды баламыз.
                               Қайырлы күн! Біз тәртіпті, әдемі баламыз.
                               Қайырлы күн! Достарым!
                               Қайырлы күн! Қонақтар!    

   ( Балалар қолдарымен қимыл жасап көрсетеді )

Ұйымдастыру: -Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? (балалар жауабы)
-Олай болса, мен сендерге Сиқырлы қылқаламмен Айша деген кішкентай қыз туралы ертегі айтып берейін.
Ертеде Айша деген бір кішкентай қыз болыпты. (үстел басында қыз отырады)


 

Ол сурет салғанды өте жақсы көріпті.
Айшаның туған күніне әкесі мен шешесі сыйлыққа альбом, қылқалам және бояулар сыйлапты.(алдында керек заттар жатады)

-Балалар, Айшаға әкесі мен шешесі қанша альбом сыйлады? Қанша қылқалам сыйлады?
Қанша бояу сыйлады?( балалар жауабы)
 -
Бұл қылқалам жай қылқалам емес , сиқырлы қылқалам екен.
Қылқалам: (ортаға шығады ) -Мен жай қылқалам емес, сиқырлы қылқаламмын.
Айша мен саған сурет салуды үйретемін.
Бірақ саған қояр шартым бар. –Егер сен менің айтқанымды тыңдасаң, ойлансаң, жалқау болмай тырыссаң. 
Айша:- Қайдағы сиқырлымын дейді ғой.Мен ол үшін ойлануым керек пе, тырысуым керек пе, жалқау болмауым керек пе?Жоқ! Егер сен сиқырлы болсаң, бәрінде дұрыс жасай аласың. Мен сенсізде бәрін біліп, сурет жасай аламын. 
Қылқалам:- Солай ма? Айша, ендеше саған көмектеспеймін.Мен саған ренжідім, өзің білгендей сурет сала бер. ( қылқалам шығып кетеді, Айша суретін салуға кіріседі) Тәрбиеші:- Айша суретін салып болғанша, бір ойын ойнайық.
Ойын: «Заттың ұқсас түсін тап»
Ойынның шарты: Тәрбиеші әр балаға түрлі-түсті пішін береді.(дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш)
Пішіннің түсін сұрап, үстел үстінде сол түске ұқсас затты тауып көрсетуін сұраймын.                                                                                        -Балалар,  Айшаның суреті дайын болыпты. Көрейік ,қалай салды екен? Айша суретті дұрыс салды ма? Айшаның қатесін түзетуге көмектесеміз бе?
Дидактикалық ойын: «Айшаның қатесін түзе»
-Балалар , мұқият қараңдаршы,барлығын дұрыс салды ма?
Қай жерде қате жіберді? Аспан жасыл түсті болады ма?Күн көк түсті ме?Бұлттар сары түсті ме? Шөп қызыл түсті ме? (балалар жауабы)
-Міне , балалар, Айша қанша қате жіберген. Сендер дұрыс орындадыңдар,өйткені, көп білесіңдер.Балалар , Айшаға қателерін түзеуге көмектестік.-Айша, есіңе сақта,әрбір істі істегенде ойлануың керек, түстерді ажырата білуің керек.Сен сиқырлы қылқаламды тыңдағанда осындай көп қателік жібермес едің. Енді қылқаламнан кешірім сұра. ( Айша кешірім сұрауға шығып кетеді)
Тәрбиеші:- Балалар, мен сендерге бояулар туралы әңгіме айтып берейін. Барлық заманда  адамдар сурет салғанды жақсы көрген. Бірақ , ерте кезде қазіргідей бояулар болмаған, біз бояуларды дүкеннен сатып аламыз. Ерте кезде адамдар бояуларды табиғаттан алған.Балшықтан жасаған, жеміс-жидектердің, көкеністердің шырынынан, шөптен жасаған.Бояуды қалай жасағанын білгілерің келе ме? –Иа. Онда мен сендерді шеберханаға шақырамын.
       Эксперименттік жұмыс: (аузша айтып, орындалу жолдарын көрсету)

- Шеберхана деген- ол бөлме, онда адамдар қол шеберлігімен айналысады, өз қолдарымен нәрселер жасайды.
Бізде өз қолымызбен қалай бояу жасауға болатынын үйренеміз.Қараңдар, мынау қызылша.Осы қызылшадан бояу жасаймыз.Қызылшаны алып тазалаймыз.Оны үгіткіштен үгеміз, марлыға салып, қысып шырынын шығарамын.Оны ыдысқа құямын( дайын қызылша шырынын көрсетеді )- Шырынның түсі қандай болды?-күрең қызыл түс-бордовый
Қараңдар ,балалар , бәріміз бірге алдарыңдағы ақ матаны қызылшаның шырынынан алған табиғатты бояумен бояйық. ( алдарында матадан қиған пішіндер үлгісі)
Өздерің көріп тұрғандай, қызылша шырынымен матаны қызыл күрең түске бояуға болады.
Бояған матаны кептіріп қояйық.Кешке ата-аналарыңа қалай бояғандарыңды айтып бересіңдер.

( балаларды ұқыптылыққа баулу)

         

 

 

Сергіту сәті:   Терезені ашайық ,

                          Таза ауа соқсын деп.

                          Жаттығуды жасайық,

                          Денеміз мықты болсын деп. ( қимылмен орындалады)

Осы сәтте топқа Айша мен қылқалам кіреді.

Айша:-балалар, мен қылқаламнан кешірім сұрап, енді дос болатын болдық. Ал сендерге ,  маған көмектескендерің үшін ризамын. Сондықтан, сендерге бояулар сыйлаймын. ( бояулар таратады)
Қорытынды:- Бүгін сендер бояулар әлемінде ойын ойнадыңдар, Айшаға көмектестіңдер, шеберханада жұмыс істеп,жаңа түспен таныстыңдар.
Қандай жаңа түспен таныстыңдар?-күрең қызыл түс- бордовый

Қызыл күрең түсті неден алдық?- қызылшадан.

Қүтілетін нәтиже:
Білуі керек: түсті ажырата біледі, жаңа түспен танысады, табиғи заттан бояу пайда болатынын біледі.

 Қолдана алады: Тәжірибелік жұмыс жасай алады, сұраққа толық жауап береді.

 

Просмотров: 1021


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст