"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақшаға арналған дидактикалық ойындар»

29.05.2023

1. «Қатты-ақырын-сыбырлап»

 

Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады: оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек.

 

2. «Тез-ақырын»

 

Мақсаты: Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаштарды тез жән ақырын айтуға үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бір сөзді,тақпақты немесе жаңылтпашты айтады. Балалар соны тез және ақырын қайталап айтуы керек.

 

3. «Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

 

Мақсаты: Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту.

Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Аттар суреті және ойыншығы.

Ойын барысы: Тәрбиеші « аттар жолда жүргенде тұяқтарымен тарсылдатады» (тілмен таңдайын қағып көрсетеді) балаларға да тілдерімен таңдайларын тақылдатып қағуды ұсынады. Балалар тілдерімен таңдайларын қағып дәл аттардың жүргенде тұяқтарымен тарсылдатып жүргенін салады « аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

 

4.«Шарды үрле»

 

Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:  Шарлар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға шар таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.

 

5. «Сабын көбіктері»

 

Мақсаты: Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал жабдықтары: Сабын көпіршіктері.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға сабын көбіктерін таратып береді. Ойынға

4-5 бала қатысады. Содан балалар дұрыс тыныс алып көбіктер шығаруы керек. Ойын осылай жалғасады.

 

6. «Құс мамығын үрле»

 

Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: Құс мамығы.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға құс мамығын таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.

7. «Шар жарылды»

 

Мақсаты:  Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «ш» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Ойын барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:

Көпіре гөр көбік шар,

Көпіре бер кеңіп-шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өленді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші «шар жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: «ш-ш-ш»-дейді тізерлеп отыра кетеді.

 

Просмотров: 819


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст