"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынас»

17.11.2023

Тақырыбы: «Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынас»

Дайындаған: Нургалиева Ж.А.

 

Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу- тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Ата-ана мен балабақша ынтымақтастығы баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –баршаның ісі.

Отбасының да, балабақшаның да мақсат-мүддесі біреу- ол болашақ ұрпақ тәрбиесі.Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата-ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген де осының айғағы. Яғни, ата-анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге- өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Ғ.Мұстафин айтқандай «ата-ана қадірін білген бала халық қадірін біледі, халық қадірін білген бала ата-ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін,тілін қадірлеуді ата-ана және ұстаз болып үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, отбасы балабақша бірлесе, ынтымақтаса отырып, оқу-тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткеншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз.

 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез-келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры , болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу-тәрбие жұмысында ата-аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін. Көздеген мақсатым: балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға терінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты құру.

 

Алдыма қойған міндеттерім:

  • Ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру.
  • Балабақшадағы іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру.
  • Ата-аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.
  • Үлгілі ата-аналарды насихаттау.
  • Ата-аналар бұрышын жасау.
  • Ата-аналармен бірге отырып құрылған оқу-тәрбие жоспарын жасау.
  • Балаларды дамытудың диагностикасын жасау.
  • Күнделік оқу-тәрбие жұмысына ата-аналарды тарту.

 

Алдыма қойған міндеттерімді іске асыруда мынадай іс-әрекеттерді балабақшада ұйымдастырамын.

 

Тәрбиешінің жүргізген жұмысынан хабарлы болу үшін ата-аналарға топтарда «Сіздер үшін ата-ана» бұрышы жасалды. Онда ата-аналар «Бізбен бірге оқыңыз» айдарынан күнделікті жүргізілген тәрбие жұмыстары бойынша толық мағлұматтар алады. Сонымен қатар балабақша күн тәртібімен танысады.

 

Балабақшада ұйымдастырылған ашық есік күндері ата-ана баласының жетістіктерін немесе қиындықтарын көреді, балада қиындық тудыратын мәселелерді, үйде ұйымдастыру бойынша тәрбиешіден әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық ойындар пайдаланатын әдебиеттер секілді кепілдемелер алады.

 

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін ары қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады.

 

Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып, толығып отыр.Әр түрлі жаңа технологияларды бала тәрбиесінде қолданып, заман талабына сай бала тәрбиелеу үшін ата-ананың да сол заманға сай жаңаша технологияларды меңгеруі шарт.

 

Балабақшаның негізгі міндеті –баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Сол үшін ата-аналар қауымын балабақша жұмысымен таныстыру, бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады.

             

 

Ата-ана мен балабақша бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін әлі де тығыз байланыста, шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.

 

 

Просмотров: 1012


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст