Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады. Ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын – ала жоспар құрып алуы қажет. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрі, топ болып ойнау
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барасында қабілеті ашылып, ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдалынған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп тапсырманы ықыласпен әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар ересек, ортаңғы топтарда қолданылады.
Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз топ ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қолданған жөн. Ата- бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады