Викторина. Тақырыбы: «Аналар, балабақшаға жиналыңдар!»
Жүргізуші:Ойын- бұл сиқырлы таяқша, оның көмегімен баланы оқуға,санауға, жазуға, ең бастысы ойлануға,ойнн айта білуге үйретуге болады . Ең маңыздысы, ойынның тартымды және қызықты болуы.Біз бүгін сондай ойындардың бірін ойнаймыз.
1. Сергіту.
- Сіздер сұрақтарға қарындашпен дұрыс жауабын қоясыздар,сосын тапсырманы оқып, жауаптарыңызды команда атынан толық айтасыздар.
Әр команданың қатысушысы сұрақтардың жиынтығын алады.Талқылауға 5-7 минут беріледі.
1-ші команда үшін тапсырма:
1. Бала мектепке қай уақытта дайын:
а) 7 жасқа келгенде;
б) оқу және санау білгенде;
в)Оның деңгейі жас ерекшелігіне сәйкес және мектепке барғысы келеді;
2.Дәлелді дайындық – бұл, бала мектепке барғысы келеді:
а) Оқушы болса, «бестіктер» алады;
б) жаңа білім алады;
в)жаңа сөмке,форма, мектепке қажет құралдар алады.
2-ші команда үшін тапсырма:
1.Қазіргі мектеп тәрбиесінің жалпы мақсаты – бұл:
а) еңбек және политехникалық білім;
б) ақыл-ой тәрбиесі;
в)тұлғаның жан-жақты және гармондық дамуы .
2.Тәртіпті бала:
а) әрқашан және барлақ жерде тәртіп ережесін орындайды;
б) төбелеспейді және кешікпейді;
в)мектепте тәртіп ережесін сақтайды.
3-ші команда үшін тапсырма:
1.Мектеп бағдарламасын таңдағанда,бірінші кезекте жетекшілікке алу қажет:
а)баланың өмірде жоғары болашаққа жетуіне;
б)баланың дайындық және мүмкіндік деңгейін;
в)мұғалімнің кәсіби деңгейін.
2.Мектепке дайындықтың ең маңызды құрамдас бөлігі:
а) Бағдарламалардың әр бөлімдерінен баланың білім қоры;
б) оқу және санау білу;
в)таным мүмкіндіктері дамуының жеткілікті деңгейі:
көңіл,есте сақтау, ойлау, сөйлеу,қиялдау.
Әділқазылар командалар жауабын бағалайды.
3. Тапсырма «Ойла»
Жүргізуші:
- Келесі «Ойла» атты тапсырмамызға көшеміз.Әр команданың қатысушылары тапсырма жазылған карточкалар алады.Карточкаларда ата-аналардың ақылды сөздері.Көздеріңе елестетіп көріңіздер, осы айтылған сөздер болашақ оқушыға қалай әсер етеді екен, балаларда қандай әсер қалдырады.Өздеріңіздің ұсыныстарыңызды жазыңыздар.
Үлгі тапсырмалар аударылған бетімен жатыр. Команда қатысушылары бекітілген тапсырманы алып,талқылайды және ұсыныстарын жазады.Сосын оны басқа командаға оқиды. Жүргізуші пікірталастарды құптайды, айтылған ойларды жинақтап қорытындылайды.Әділқазылар команданың жауаптарын бағалайды.
2-ші тапсырмаға жүргізушінің пікірлері және түсініктері
Көздеріңе елестетіп көріңіздер, осы айтылған сөздер болашақ оқушыға қалай әсер етеді екен, балаларда қандай әсер қалдырады.Өздеріңіздің ұсыныстарыңызды жазыңыздар .
I.- Мектепке барасың, сонда саған…
- Сен екімен оқитын боларсың?
(Балада қобалжу болуы, өз күшіне сенбеуі, мектепке барғысы келмеуі болуы мүмкін)
II.- Мектепте мен сен үшін қызармайтындай болайын!
(Ата-аналарға балалардың алған бағасынан беделді болатындай көрінеді. Басқа сөзбен айтқанда,баланы өз бағасына жауапты деп санайды «Менің жан дүнием саған байланысты, сен мені ұятқа қалдыр ма». Мектепте жақсы бол, маған жаман істеме. Осындай жиі айтылған психологиялық жүктемелер баланың жүйкесін бұзады.)
III.- Диктанттан қате жіберіп көр!
(Үнемі баланы жазамен қорқытатын ата-аналардың балаларында ата-анаға деген қастық сезім пайда болуы мүмкін.)
IV.-Егер сен үздік оқушы болсаң, біз сені жақсы көреміз!
(Ата-аналардың үміті ақталмаса, баланы күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін, ол дегенің өзіне-өзі сенбеуі.)
V.- Сен маған мектепте төбелеспеймін, жүгірмеймін деп уіде бересің бе?
(Баланы қолынан келмейтін іске итермеңдер.)
3.Шығармашылық сайыс: Әр команда өздерінің шығармашылық номерлерін көрсетеді.( Үй тапсырмасы).
Мысалы, Бәрі хормен ән айтады, көрініс көрсетеді.Әділқазы баға береді.
4. Тапсырма «Есте сақта»
Жүргізуші:
- Келесі тапсырма көру диагностикасына арналған. Қане, аналар мен әкелер көзбен көріп, есімізде сақтап көрейік.
- «Қазір 10 секунд ішіндеәртүрлі пішіндермен кестелерді көріп аламыз.Сосын кестені алып тастаймын, көп пішіндердің ішінен сақтап қалған пішіндеріңіз бар ма, жоқ па, соны айтасыздар».
Қорытынды бағасы: дұрыс табылған пішінге – 1 балл.
Ең жоғары баға – 9 балл.
Әр команда өздерінің баллдарын санап, әділқазыларға айтады.
5. Тапсырма. «Тап»
Жүргізуші:
- Мектептен сіздің балаларыңыз әртүрлі көңіл-күймен келеді.Балалар тиышсыз,жылауық,көңілді, қуанышты болып келеді.Сондықтан бізге, ата-аналарға балаларды түсіне білуіміз керек.Өз сезімімізді тексерейік
Сіздердің алдарыңызда 12 беттердің бөлігі жатыр, әр суретте әр адамның көңіл-күйі белгіленген.Соларды дұрыс шеше білулеріңіз қажет.Егер сіз басым бөлігін дұрыс шешсеңіз, онда сіз балаңызды бірінші көзқарастан түсіне аласыз..
Командаларға қағазыға салынған сызба бейнелер берілген. (тест М.А.Панфилованыңкітабында «Сөйлесу ойынтерапиясы»). Командаларға 5 мин уақыт беріледі. Әділқазылар баға береді.
Әділқазылар жалпы баллдарды санап, баға береді.
Командаларды дипломдармен марапаттайды.
Кездесудің қорытындысы және меңгерушінің сөзі.
Қатысушылармен қоштасу .