"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күз сыйы.

18.11.2021

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Күз сыйы.

Мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшіліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жамістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы  түсінік беру.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Cөздік жұмыс: Бұтақтар,жеміс,жидек,тұқымдар,табиғат құбылыстары.

Керекті  құрал: Суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, жыл ағашы

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,  кесте суреттері, дауыс ырғағын өзгерту техникасы, жұмбақ шешу, түсіндіру.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

- Армысың,  Алтын күн!

- Армысың , Аспан-ата!

- Армысың, Жер-ана!

 -Армысың жан досым!

Жылуына жылу қос,

Міне, менің жүрегімнің жылуы.

  

Балалар қимыл көрсете отырып, бірге айтады.

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

-Қазір жылдың қай мезгілі?

 

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

 

- Алтын күз дегенді қалай түсінесің?

    

 

- Қандай көкөніс түрлерін білесіндер?

-Көкөністерге не жатады?

-Жемістергн не жатады?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

 

 

Билингвальды компонент:

Күз- осень, сәбіз-морковь, қияр- огурцы,, қызылша-свекла, қауын-дыня, қарбыз- арбуз, асқабақ- тыква, қыркүйек сентябрь, қазан-октябрь, қараша-ноябрь,

 

Күз мезгілі үшке бөлінеді. Алтын күз, Жомарт күз, Қоңыр күз болып. Алтын күз дейтін себебі айналаның бәрі жапырақтар, шөптер сары түске енеді, сондықтанда алтын күз деп атайды. Ал, Жомарт күз деп егіншілеріміздің астықтарын жинайтын  кезі астық жиналып болған соң егіншілер сабан той жасаған молшылық пен байлықтың кезі. Қоңыр күз деп ағаштар жалаңаштанып жердің бәрі қоңыр тартып  аспанды сұр бұлт жауып тұрады міне мұны қоңыр күз дейді.

-Балалар, міне сендермен күз мезгілінің өзгерісімен таңыстыңдар.

 - Кім Алтын күзге тақпақ айтады?

 

 

 

- Күз мезгілі несімен ұнайды?

 

- Жомарт күз дегеніміз нені білдіреді?

-Қоңыр күз дегенді қалай түсінесің?

 

 

 

 

 

 

-Күз мезгілінде барлық жан-жануарлар қысқа дайындалады.Тиіндер жаңғақтар жинаса, кірпілер індеріне саңырауқұлақтар тасып алады.

-Ал адамдар күзде қалай еңбек етеді?

Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды

 

 

 

Бүгінгі тіл дамыту оқу іс-әркетінде Бүркіт Жақыповтың «Күз сыйы» өлеңін жаттаймыз. Өлеңді жаттау оңай болу үшін мнемокестені қолданамыз. Сендер мұқият суреттерге қарап отырыңдар.

      Бүркіт Жақыпов.

                       Күзде.

Алма пісті,

Алмұрт пісті,

Алша пісті,

Жерге түсті.

Қияр пісті,

Қарбыз пісті,

Қауын пісті,

Қандай күшті!

Жидектердің

Татып дәмін,

Жемістердің

Жейміз бәрін.

 

Енді балалар өлеңді қайталауда дауыс ырғағын өзгеру техникасын қолданайық. Аю дауысымен бір қатарын қайталаймыз. Қоян дауысына салайық, ал үшінші шумағын бұлбұл құстай әндетіп айтайық. Жарайсыңдар!

Жеке қайталату. Бала өзіне ұнаған дауыс ырғағына салып айтады.

 

«Табиғат сыйы» дегеніміз - бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.

Сергіту сәті:

Алтын-сары, қызыл-көк

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ой, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ!

 

Енді балалар, сендердің зерек екендеріңді тексерейін.

 

 Жұмбақтар шешейік. 

 Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

Бақшадан жер қазып,

 Жиып алдым жез қазық.

 

Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

 

  • Не деп ойлайсыңдар, балалар?

 

 

 

Жаңылтпаш

Бес түп алма

Бестік алғандікі.

Төрт түп алма,

Төрттік алғандікі.

Бестік алған,

Төрт түп алмайды.

Төрттік алған,

 Бес түп алмайды.

 Демонстрациялық құралмен жұмыс.

  • Күз мезгілі, бақтың іші сап-сары алтындай жарқырап тұр. Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр.
  • Жапырақтардың түстері қандай?

-  Бақта кімдер жүр?

- Бақтағы балаларға ат қояйықшы?

- Балалар жапырақтар теріп жүріп нені көрді?

Күз мезгілі. 

Күз мезгілі табиғаттың өзгеруінен, ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі, күн суытады. Жемістер, көкөністер күз мезгілінде көп болады.

-сәбіз, қияр, қызанақ, қызылша,қауын, қарбыз, асқабақ

Балалардың жауабы

Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша.

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

 

Балалар күз мезгілінің өзгеруі туралы тыңдайды. 

 

 

 

 

 

Жарқын:

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт,

Алтын күз

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарын күз.

 

Ярослав:

Қазан айы болыпты,

Қамбаға астық толыпты.

Сары даланы сәндетіп, Думандатып әндетіп.

 

Андрей:

Сау, сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырап, Көкке құстар тізілді.

 

 

-Еккен егініндерін жинап алады, көкөністерді тұздап, жемістерден тосаптар қайнатады. Түскен жапырақтарды жинап. Бау-башаны тазартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мнемокесте арқылы дұрыс қайталайды.

 

Өлең сөздерін аңдар дауысына қызыға отырып, дұрыс салуға тырысады.

 

 

 

Бұлбұл құстай әндетуге тырысады. Өлең сөздерін есте сақтап қалуға тырысады.

 

 

Күз жомарт, береке сөздерінің мағанасын тыңдайды.

 

 

                                      Сергіту сөздеріне байланысты  қимыл-қозғалыстар  жасайды.

 

 

Жұмақты мұқият тыңдап, жауабын дұрыс шешуге әрекеттенеді.

 

 Жеміс

 

Қарбыз

Темирлан

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын

 

Күз 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақта және бақшада тақырыбында әңгіме құрастырады.

 

 Кірпі

Рефлексті коррекциялаушы

Іс-әрекетімізді қортындылау үшін

«Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады.

Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.

  

 

    Балалар ойнды қызығушылықпен ойнауға тырысады.  Дұрыс жауап беруге талпынады.

 

Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі. Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.

Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.    

Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне отырып жаттап, жұмбақтар шешеді.

Нені біледі: Табиғи материалдардан композиция жасай білуі. Өз жұмысына тақырып ойластырад

Просмотров: 680


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст