"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналармен жұмыс. «Сені түсінген-нағыз бақыт»

24.05.2023

     Адамдармен қарым-қатынас жасау адам өмірінің негізі болып табылады. С.Л. Рубинштеиннің сөзі бойынша «Адамның жүрегі оның басқаларға деген қатынасынан тігіледі, онымен адам өмірінің психикалық және ішкі мазмұны байланысты болады. Осы қатынастар қатты күйзеліс пен қалықтарды тудырады. Басқа адамға деген қарым-қатынасы рухани- ізгілік орталығы мен адамның ізгілігік құндылығын белгілейді».

      Басқа адамға деген қарым-қатынасы бала жасынан бастап өсіп дамиді.

   Бірінші қарым-қатынас тәжірибесі әрі дамуына іргетасын қалайды және есінде сақталады.

 

    Тұлғалық арақатынастардың өскіндеу мен өркендеу тақырыбы өте маңызды. Соңғы кездері жастар арасында байқалатын  агрессияның күшеюі мен  қаталдығы ерте жасының пайда болған себептін әсері. Балалар ересектерді үлгі тұтады, олардан тілдік қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренеді, яғни оларға ұқсап сөйлейді. Кіші оқышының ойлау қабілеті ересек оқушыға қарағанда жоғары болады.  Ол көріп білгенін тез игеріп, өз тәжірибесінде таниды. Бала тек қана өзіне әсер тигізіп, ұнағанын есінде сақтайды.  Балалар көргендерін үнемі бақылап жүреді, олар өз ойларын білдірмесе де бәрін түсініп тұрады. Балалар мінез-құлықтары бойынша үлкендерге ұқсағысы келеді, бірақ бұл әдеттері кейде қауіпті болып келеді. Өйткені олар жасына байланысты жамандықты жақсыдан айыра алмайды. Сондықтан бала көзінше жаман қылықтарды жасауға болмайды, олар оны үлгі тұтып кері әсеріне пайда болады. Баланың тілі махаббат, тыныштық атмосферасында тезірек дамиды, әсіресе ата-аналар балаларымен көбірек араласып, оларға ертегі оқып, оқығандарын талқылаған кезде. Ата-аналар балаларына көбірек уақыт бөлу керек, өйткені баланың тілдік және танымдық дағдыларының қалыптасуы мектепке дейінгі жасынан басталады және келешекте оқу, жазу, есептеу қабілеттерін айқындайды, сонымен қатар абстракты және логикалық ойлау қабілетіне әсерін тигізеді және баланы қоғам өміріне бейімдейді. Осы кездерден бастап баланың үйден тыс қарым-қатынас жасай білуі, өзіне сенімділікпен қарау негізі қаланады, бұл келешекте мектептегі үлгеріміне әсерін тигізеді. Тұлғаның даму үрдісі- бұл  бала мен ересек адамдардың арасындағы даму кезеңдері. Педагогтар, ата-аналар, әжедлер мен аталар, әпкелер мен ағалар баланы жақсы және дұрыс түсініп оның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Егер де бала қоршаған адамдардың махабаттарын сезбейтін болса, онда әлемге деген сенімсізділік қатынасы туады, сонымен қатар қорқынышты сезімдер пайда болады. Баланың қатынастық дағдылары даму үрдісінде баланың тұлғалық сапасына, сезімдері мен эмоцияларының қалыптасуына назар аудару керек. Адамдар өздерін түсініп, өздерін бақытты сезген кезде, олар пайда болған сезімдерін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде білдіреді.

     Мектепке дейінгі жасында сәби айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасау тәсілдерін сезініп, оның тұрақты тұлғалық стилі қалыптасады.

    Балалар үшін ең маңызды- ата аналар. Ата-аналардың үйі- бала үшін алғашқы өмір мектебі. Отбасы баланың құндылық жүйесінің қалыптасуына, үлкен әсер тигізеді. Адам қаншалықты өмір сүрсе де, отбасында «әке-шешесі үйреткеніне» қайта оралып, бала кезіндегі тәжірибесіне сүйінеді.

       Әр адам басқа адамды тыңдай алу керек, оны түсіне білу керек. Адам басқаларды қалай сезіне білуіне байланысты, оларды ренжітпей, агрессия тудырмауына байланысты болады. Біздің ортамыздағы адамдар көбінесе бір-бірін тыңдай алмайды.  Өзін тыңдап, сезіне білу, өз әрекеттерін бағалай білу басқа адамдармен қарым- қатынас жасаған кезде көрінеді. Осының бәріне балалар үйрену керек. Адамдар өз бетімен үйренбейді, ол оқуға жұмсаған күштің бағасымен пайда болады.

      «Бақыт- сені басқалар түсінген кездері», бірақ бұл түсінік өзі келмейді, түсіне білуге үйрену керек. «Адамдарды сүйіп, түсінуді үйренсен, сені  әрдайым достар қоршайды.

     
 

Просмотров: 831


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст