"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шынықтыру процедураларын өткізу әдістемесі

06.09.2023

Ауа

Ауамен шынығу үй-жайды желдетуден басталады. Бөлмедегі ауа температурасы 1 °С-дан көбірек төмендетілуге тиіс. Үй-жайды жылдың суық уақытында күніне бірнеше рет, ал жылы кезде үнемі желдетеді.

Ауа ванналары жеңіл шынығу процедурасына жатады. Алдымен тәрбиеленушінің тек қол-аяғы жалаңаштанады (мәселен, таңғы гимнастика кезінде). Кейінірек баланың бүкіл денесі жалаңаштанғанда жалпы ауа ванналары қолданылады. Ауа ваннасының ұзақтығы біртіндеп ұлғайтылып, 5–8 минутқа жетеді.

Үй-жайдағы ауа температурасын 2–3 күн сайын 1–2 °С-қа біртіндеп азайтқан жақсы. Ауа температурасы +21…+22 °С болған кезден бастаған дұрыс. Ақырғы ауа температурасы +16…+18 °С-ты құрауға тиіс. Бұл ретте тәрбиеші міндетті түрде балалардағы тоңазу белгілерін, яғни құс терісінің пайда болған-болмағанын қадағалауы керек. Аллергиялық реакциясы бар балалардың ағзасы тез салқындайды.

Су

Сумен шынығуды ең әлсіз әсерден бастап, көп ұзамай жалпы процедуралармен алмастырады. Бұл – ылғалмен ысқылау, бұдан кейін бала терісін жұмсақ құрғақ орамалмен сүрту керек. Алдымен қолы мен аяғын, содан соң бүкіл денесін сүртеді.

Жазда балабақшаларда аяққа су құйып жаттығады. Алайда оны топтағы ауа температурасы +20 °С-тан төмен болмаса ғана жүргізеді. Жай ғана жіліншіктің төменгі жартысын және табанды дымқылдауға болады.

Қол мен аяққа арналған жергілікті ванналар да қолданылады. Оларды сумен ойнау кезінде өткізуге болады. Аяқ ванналары сол жерге ғана емес, бүкіл бала ағзасына әсер етеді. Балаларға бір жарым жастан бастап жүргізіледі. Алдымен бөбектің аяғын жылы сумен, содан соң одан гөрі салқындау сумен жуады (температураны 4–5 күннен кейін 1 °С-қа төмендетеді және +22 °С-қа жеткізеді, ересек балаларға – +18 °С-қа дейін). Аяқ ваннасының ұзақтығы – 1 минуттан 3 минутқа дейін. Бұл ретте аяқ жылы болуға тиіс. Суық судың әсері қан тамырлары тарапынан сәйкес реакция тудырады. Суық аяққа су құйғанда немесе жуғанда мұндай реакция болмайды. Сондықтан аяққа су құю күндізгі ұйқыдан кейін жүргізіледі.

Душ – су құюға қарағанда барынша күшті шынығу. Судың қатты ағындары бала терісіне қатты әсер етеді.

Күн

Күнмен шынығу күн шығып тұрған ауа райында тәуліктің әдеттегі уақытында жүргізіледі. Ұзақтығы 2–3 минуттан 10 минутқа дейін созылады. Тәрбиеші тым қыздырынуға жол бермеуі керек.

Үй-жайдағы таза ауа өтпелі желдетумен қамтамасыз етіледі. Бұл қысқа мерзім ішінде қайта-қайта ауа алмастыру мүмкіндігін туғызады. Өтпелі желдетудің уақыты қысқа, 5–7 минут қана.

Өтпелі желдетуді

  • балалар келер алдында;
  • сабақ басталар алдында;
  • балалар серуеннен қайтар алдында;
  • күндізгі ұйқы кезінде (топта), ұйқыдан кейін (жатын бөлмеде);
  • бесіндіктен кейін;
  • балалар үйге кеткеннен кейін жасау керек.

Топтағы ауа температурасы 20 минуттан соң қалпына келтіріледі. Әр топта уақыты көрсетілген өтпелі желдету кестесі болуға тиіс.

Дәретхана мен жуынатын бөлмеде балалар бар кезде ешқандай өтпелі және біржақты желдету болмауы керек. Сондай-ақ тәрбиеші балалардың қолы суланбауын бақылауға тиіс, өйткені ылғал киім тез салқындау туғызады және соңынан суық тиіп ауыруы мүмкін.

Жалаңаяқ жүру

Бұл – шынығудың ескі тәсілі. Таңертең және кешке бөлмеде 15 минуттан 30 минутқа дейін жалаңаяқ жүру керек. Күн сайын бұл уақыт 10 минутқа ұзартылып, бір сағатқа дейін жеткізіледі. Әсіресе қатты топырақ немесе ұсақ қиыршық таспен жүру жақсы әсер етеді. Табандағы күстенген тері ауру сезімін болғызбайды және суықты сезінуді басады.

ЛОР-ауруларының алдын алу үшін күн сайын таңертең және кешке тамақты суық сумен шаю ұсынылады. Судың бастапқы температурасы +23…+28 °С болуға тиіс. Содан соң әр аптада оны біртіндеп құбыр кранындағы су температурасына жеткізе отырып, 1–2 °С-қа төмендетеді.

Егер баланың дені сау болса, шаюды +25 °С-тан бастап, 2–3 күн сайын біртіндеп төмендету керек. Бір айдан кейін шөп қайнатпасымен, жай ғана крандағы сумен, теңіз тұзының ерітіндісімен шаюға көшу керек.

 


 

Просмотров: 1101


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст