"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі Тақырыбы: «Біз еңбекқор баламыз»

14.10.2020

2020 жыл

Өтпелі Тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырпша: «Еңбек бәрін жеңбек»

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері.

Мақсаты: Топырақтың түрлері, қасиеттері, пайдасы туралы мәлімет беру.

Міндеті:

Білімділік: Балаларға табиғаттың тілсім құбылыстар мен ғажайыптарға толы екендігін білдіру;

Дамытушылық: Табиғаттың адам тіршілігімен өмірі үшін маңыздылығын, топырақтың таиғаттағы мағыздылығымен пайдасы туралы білімдерін дамытады;

Тәрбиелік: Табиғатты аялау, табиғаттың пайдалылығын сезіндіру.

Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, қайталау, әңгімелесу, ойын, зерттеу .

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, Глобус, Топырақтың үлгілері, Ыдыстар, топырақтың түрлері, лупа, түтікшк, алжапқыш, жеңдік, иленген саз балшық т.б.

 

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, қайталау,әңгімелесу, ойын, зерттеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, Глобус, Топырақтың үлгілері, Ыдыстар т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы,

Армысыңдар балалар,

Сәлеметсіздер қонақтар.

Сүйеиік, табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас баладай дем алайық.

(балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды, амандасады)

Сабақ барысы

(Суреттермен жұмыс)

Балаларға сурет арқылы түсіндіріп, Топырақ деген не? деген сұраққа жауап беру. Топырақтың жеке қасиеттері, түрлері, пайдасы, топыраққа зиян келтіретін факторлар туралы айту, түсіндіру.

Топырақ дегеніміз –  топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.      

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақбатпақты топырақормандық сұр топыраққара топыраққоңыр топырақкүрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Топырақтың пайдасы: топырақтың пайдасы өте көп, жер шарының тепетеңдігі, адамдар мен өсімдіктердің, жануарлардың тіршілігі, емдік, ыдыстармен әсемдік бұйымдар жасау, құрлыстармен жолдар салу т.б.

Топырақтың ластануы: Химиялық тыңайтқыштар, лас сулар, қоқыстар, атом бомбасының жарылуы, зымырандар мен ұшақтардың жер бетіне құлауы, қазба байлықтарының алынуы т. б.

Топырақты қорғау: Ағаштар егу, құнарландыру, су мөлшерін қалыпқа келтіру, тұрмыстық қалдықтардан тазарту т.б.

Зерттеу, эксперименіт жасау:

  1. Топырақты қолмен ұстау.

Торыпақтың колмен ұсталатынын, сусымалы. Ұсақ түйіршіктерден тұратындығын көру.

  1. Топыраққа сурет салу, белгілер жүргізу.

Қолмен ыдыстағы топырақтың бетін жаймалап, оған алақанымызды батырып көру және уртүрлі пішінднрдің суретін салу. Тппырактың бетіне іздерді түсіруге болатынын көру.

  1. Топырақты түтікшелермен үрлеу.

Түтікшелер арқылы ыдыстағы топырақ қиыршықтарын үрлеп көру. Топырақтың сыртық факторлардың, желдің әсерінен ұшатындығын, қозғалыста болатындығын бақылау.

  1. Топыраққа су қүю.

Топыраққа су құйып көру, топырақтың сіміргіштік қасиетін бақылау. Сергіту  сәті:      Күннің төккен нұрымен,

                       Биік болып өсеміз,

                       Денемізді тік ұстап.

                       Дөңгелене билейміз.

 

Ойын: «Логикалық Плус» ойыны

Шарты: Логикалық тізбке құрастыр.

Бұнда алдымен тәрбеші топырақ сөзін бастайды балалар осы сөзге жалғастыра байланысты сөздерді тізбектеу керек.

Мысалы: Топырақ- құрылыс- кірпіш- үй – жылы- ыстық- күн ...

  1. Су мен трпырақты араластыру.

 Таза су құйылған стаканға бір – екі қасық топырақты салып араластыру, бақылау. Топырақты лайлағыштық қасиетін көру, одан пайда болған құбылысқа қарау, судың бетінде көпіршіктер пайда болады, бұл топырақтың құрамында ауа бар деген сөз, судың бетінде шөптер мен ұсақ заттар қалқып шығады, бұл  топырақтың құрамында шірінділер бар екенін көрсетеді, сткаканның төменгі жағына қарайтын болсақ топырқ астына қарай шөгеді, бұл топырақтың құрамында тастар мен құмдардың бар екенін дәлелдейды. Тоырақпен судың бір – біріне араласып кетпейтінін де көруге болады.

  1. Топырақтан өңделіп жасалған масака жағу.

Топыақтан бетті әрлеуге қажетті заттар жасауға болатынын, топырақтың пайдасы туралы түсіндіру.

  1. Топыраққа гүл отырғызу.

Қара топыраққа тамыры шығарылыған гүлдң отырғызып егу. Өсіргіштік, құнарлылық қасиетін айту.

  1. Топыаққа қоспалар қосып, илеп, одан пішіндер жасау.

Иленен топырақты балаларға бөліп беріп, тақтайшаға салып әртүрлі пішіндерді қидыру, топырақты қолмен пішіндеу. Иленгіштік, одан заттар жасауға болатындығын көрсету.

  •  

Бұл не?

Қайдан көруге болады?

Қандай бөліктерден тұрады?

Түсі қандай?

Қандай көлемде болады?

Пайдасы мен зияны?

Жогалса не болады?

Сен топырақ болсаң не істер едің?

Оқу  - іс әрекетінен алған әсерлерімен бөлісі, мінема кесте арқылы

Туған жердің түйе жеген  торырағыда алтын, Түйе аунаған шаң торырағыда алтын – деген мақалды  кесте арқылы түйіндеу.

Көңіл –күй бейнелерін көтеру арқылы көңіл әсерлерімен бөлісу.

 

Күліп тұрған бейне – қатты ұнады.

 

Қүтілетін нәтиже:

Біледі: Топырақтың қасиеттері туралы біледі;

Игереді: Топырақтың құрамында ауа, құм, шірінді болатындығын игереді;

Істей алады: Зертханалық жұмыстар жасай алады.

 

Просмотров: 1092


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст