"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының "Снежинка" бөбекжайы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Снежинка"города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

С бөлімі Оқыту тәжірибесіне өзгерістер еңгізу және оларды басқару туралы рефлексиялық есеп

29.10.2020

С бөлімі

 

Оқыту тәжірибесіне өзгерістер еңгізу және оларды басқару туралы рефлексиялық есеп

 

Ойын түрлерінің өзгертілген ерекшеліктеріне өз тәжірибемде пайдаландым. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3 ойын түрін өзгеріске алдым. Ол - педагогтың жетекшілігімен, құрылымдалған, еркін ойын. Әрбір ойын түрлерінің пайдалану жолдарына тоқталып өтейін. Ойын баланың қызығушылығын, ішкі және сыртқы факторларын, эмоционалды қабылдау әрекеттерін дамытады, танымдық тұрғыда тәрбиелейді.

Педагогтың жетекшілігімен ұйымдастырылған ойын түрінде балалар 4К моделінің ішінен командамен жұмыс және өзара қатынасты жүзеге асырады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінді, ой - өрісі дамыды, балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, ойната отырып ойлануға бағыттадым. ҰОҚ барысында тақырыпқа сай ойын ұйымдастыруға тырыстым. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ескере отырып, ұлттық ойын түрлерін ұйымдастырдым. Балаларға еш қиындық туғызбай жас ерекшеліктерін ескеріп отырдым. Мысалы: ересек топ балалары болғандықтан, «Ат, жүзігім,ат», «Ақ серек, көк серек», «Ұшты,ұшты,не ұшты?», т.б.. Тілдік қорларына жаттаулар арқылы сөз байланыстыруларын дағдыландырдым. ҰОҚ барысында пайдаланған ойын түріне тоқталып, ұйымдастыру жағын ашып өтейін.

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту».

Тақырыбы: «Менің отбасым».

Мақсаты: Балалар өз отбасы мүшелерін айтады, оларға деген сүйіспеншіліктерін сездіре біледі.

Күтілетін нәтиже: Балалардың сөздік қоры артады, сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Педагог жетекшілігімен ойын: «Көңілді маракас».

Ойын мақсаты: Жүгіре отыра маракасты бірінші болып сылдырлатады.

Тиімді жағы: Балалардың қызығушылығы туындайды, бір-біріне деген сыйластық мінез қалыптасады, есту қабілеті дамиды.

Кездескен кедергі: Ойын барысында бір-екі бала шыдамсыздық танытып, көздерін ашып, аспапты бірінші болып алуға тырысты.

Кедергіні жеңу жолы: Сабырлық танытып, ойын шартын бұзбауларын ескертіп айттым. Қайталап ойнаған сәтте сөзімді құптап белсенділік танытты.

Қалыптасқан дағды: Балалар командамен жұмыс істеуді, сыни ойлау қабілеті мен бала үні тыңдалады.

Құрылымдалған ойын түрінде – балалардың креативтілігі, сыни ойлау қабілеттері ашылды, командамен жұмыс жүргізілді. Алдарына ұсынылған заттарды қалай жүзеге асырып, қалай түрлендірулері мақсат етілді. Тобымызда карантин талабына сай жұмыс жүргізілетіндіктен бала саны орташа. Сондықтан да, еш қиындық немесе жетіспеушілік сәттері болған жоқ. Ойынға деген қызығушылықтарын жаппай бақылап, бағыт – бағдар беріп отырдым.

Құрылымдалған ойын: «Кім жылдам?».

Ойын мақсаты: Көкөністер мен жемістерді айыра алады.

Тиімді жағы: Ойын барысында балалар үлкендердің еңбегін бағалай алады, табиғаттың күзгі сыйын қызықтайды, өздерін еңбекке баулиды.

Кездескен кедергі: Бұл сайыс ойын болғандықтан, кейбір жұп жемістер мен көкөністерді шатастырып алды. Жинаған кезде бәрін бір көлікке тиеді.

Кедергіні жеңу жолы: Жұптық сайыс тоқтаған кезде, жүк көлігіне жинаған заттарын сұрыптау арқылы, қайсысы жеміс, қайсысы көкөніс екенін тексеріп, ажырата білулеріне мүмкіндік бердім. Сөйтіп, қателіктерін түзей алдық.

Қалыптасқан дағды: Ойын барысында балалардың креативтілігі, коммуникативті даму қабілеті, ойынға деген қызығушылық пен бір-біріне қолдау көрсете білу әрекеті қалыптасты.

Еркін ойын түрлерінде балалар белсенділік танытып, өздері ұнатып таңдаған рөлдерін сомдай алды. Бұл ойын түрін күннің II – жартысында немесе серуен кезінде жиі ұйымдастырылып отыруды қолға алдым. Бұл сәтте балалар өз ойындары арқылы ересек адамдардың еңбегін, адамгершілік қасиеттерін, тәрбиелік жақтарының орын алатындығын көрсете білді. Ойынға қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп, өз бақылауымнан шығарған емеспін. Керек жерде, керек сәтте өз қолдауымды көрсетіп, ойынның тартымды болуын қадағаладым.

Еркін ойын: «Дәрігер».

Ойын мақсаты: Үлкендердің еңбегін бағалай біледі.

Тиімді жағы: Күннің екінші жартысында пайдаланған сәтте, балалар өз таңдауларын жасай алады. Сол таңдау арқылы  баланың болашақта  қандай маман иесі болуға деген қызығушылығын, еліктеу арқылы үлкендердің еңбегін сырттай бала көзімен көру мүмкіндігі туындады.

Кездескен кедергі: Бұл сәтте ешқандай кедергіге тап болған жоқпын. Қыз бала өз басшылығына алып, дәрігерлік бар қабілетті, іс-әрекетті орындап сыпайы бола білді. Бұл ойын түрін сырттай бақылаудың өзі маған мейірімділік, еңбекқорлық, адамға деген жанашырлықты сыйлады.

Қалыптасқан дағды: Балалар арасындағы қарым-қатынастың орын алуы, сыни ойлауы, ішкі және сыртқы эмоцияларды жеткізе білуі, үлкендердің еңбегін бағалай отырып, өз таңдауын жасау мүмкіндігі.

Ойындарды еңгізу бойынша қорытынды:

Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз еттім. Ойын түрлері ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, олардың танымдық, тәрбиелік жақтары да дамытылады. Ойынды тиімді пайдалану ұйымдастырылған оқу қызметінің  әсерлігін, тартымдылығын арттырады. Өз тәжірибемде ойын түрлерін күнделікті және алдағы уақытта да жиі қолданып, заман талабына сай етіп түрлендірулерді енгізіп отыруға ат салысып, күш-жігермен, ең бастысы қызығушылықпен орындауды мақсат етемін. Бұл ойын түрлері әр білім беру саласында өз тақырыбына сай ұйымдастырылатындықтан бала дамуына , тәрбиесіне тигізер пайдасы , үлесі мол екендігіне көз жеткізе алдым.

Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст